Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы

«1952 жылғы 15 тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысында онкологиялық қызметті ашу туралы» облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Ақжановтың 1952 жылғы 3 қыркүйектегі №448 бұйрығы шықты. Бірақ ол кезде дайындығы бар кадрлар, арнайы жабдықталған ғимарат, құрал-жабдықтар болған жоқ.

1954 жылдың 11 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысында 39 штаттық бірлік бөлінуімен 3 санатты онкология диспансерін ұйымдастыру туралы Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы шықты. Осы уақытқа дейін онкологиялық процесті рентгенологиялық диагностикалау бойынша арнайы дайындықтан И.В Приказчиков өтті. 1954 жылдың 6 қыркүйегінен Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы онкодиспансерінің бастығы болып тәжірибелі, денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, Бірінші Совет ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Приказчиков Илья Васильевич тағайындалды.

1958 жылы онкологиялық диспансерді орналастыруға Петропавл қаласының Молодежное шағын ауданында Жамбыл көшесі, 31 мекенжайы бойынша бөлек бір қабатты ғимарат бөлінді. Бас дәрігер И.В.Приказчиков онкодиспансерге бес дәрігер, оның ішінде жас мамандар рентгенолог И.Е.Декастроны, хирург мамандар Н.А.Таранин мен Т.Г.Гудинаны, сондай-ақ орта медициналық персоналдарды М.Д.Кускованы, операция мейірбикесі Т.Гурьянованы, палата мейірбикесі В.С. Дикова, М.В.Скорописцева, В.Н. Харбедияны жұмысқа шақырды.

Жаңа онкодиспансерде рентгенодиагностикалық және рентгенотерапиялық кабинет, екі дәрігерлік кабинеттері (хирургия, гинекология) операциялық, клиникалық және патологистологиялық зертхана, 36 төсек орынға стационар ашылды. Онкодиспансердің ашылумен амбулаторлық келушілердің саны 50% артты, қатерлі процестің ерте сатысын анықтау біртіндеп өсті және обыр ауруы асқынған науқастардың саны төмендеді.

1960 жылғы 5 қарашада облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бұйрығымен облонкодиспансердің бас дәрігері лауазымына хирург Ковалев Владимир Александрович тағайындалды. Бірінші онкологтың келуімен әртүрлі қатерлі процесті диагностикалау жұмысы жақсарды.

1970 жылы онкологиялық диспансер Красноармейская көшесі,1 мекенжайындағы екі қабатты корпусқа ауыстырылды. Диспансердің төсек орны 75 төсек орынға дейін өсті. 1971 жылы бір сәулелік аппаратқа радиологиялық корпус салынды. 1975 жылы «Агат-С» гамматерапиялық аппарат орнатылды.

Осы жылдары онкологиялық хирургия принципі бойынша білікті онкологтар асқазан, ішек және әйелдердің жыныстық ағзаларына операция жасай бастады.

Хирургиялық операция және сәулелік әдіспен емдеу, бірқатар сәулелік емдеу және химиотерапияны қатар жүргізу түрінде аралас әдістер меңгерілді.

1991 жылғы шілде айында облыстық денсаулық сақтау бөлімінің Алқа кеңесінде облонкодиспансердің бас дәрігері лауазымына медицина ғылымының кандидаты Әбдірімов Ермек Ғаббасұлы сайланды. 1992 жылы мамандарды дайындағаннан кейін эндоскопиялық кабинет ашылды.

1993 жылы «Рентген ТА-2» жақын фокусты сәулелік аппарат сатып алынды, нәтижесінде обырды сәулелік және тері обыр алды процестерді, ауыз қуысының сілемейлі үстіне және ерінге заманауи деңгейде сәулелік емдеу жүргізуге мүмкіндік туды.

1994 жылы Облыстық онкологиялық диспансер құрамына берілген «Автомобилист» профилакториясында 30 төсек орынға химиотерапиялық бөлімше ұйымдастырылды.

1997 жылы облонкодиспансерге бұрынғы 1-ші қалалық аурухана ғимараты берілді. 1998 жылы УДЗ кабинеті ашылып «Hawk» (Дания) УДЗ-аппарат және «Aloka-500» (Жапония) портативті УДЗ аппараттары сатып алынды. Одан басқа стационарда және амбулаторлық жағдайда операция жасауға екі операция блогы ашылды.

2004 жылы желтоқсан айында бұрынғы I-ші қалалық аурухананың инфекциялық корпусында I-ші қабаты емхана және II-ші қабаты химиотерапиялық бөлімше болып қайта құрылымдау аяқталды, сондай-ақ 4 сәулелік аппаратқа арнайы радиологиялық корпус салынды.

2006 жылы радиологиялық корпусқа «Терагам» (Чехия) дистанциялық гамматерапия, «Галмей» (Великобретания) жақынфокусты сәулелік аппарат, «Мультисорис» (Германия) гамма-аппарат, «Акьюти» (Канада) рентген-симуляторы орнатылды.

2008 жылы онкодиспансерде төсек орын саны 200 төсек орынды құрады және бірінші рет нормативке жетті. Онкодиспансер 4 емдеу – диагностикалау корпусынан және әкімшіліктен тұрады.

Хирургия корпусында 50 төсек орынға маммолого- гинекологиялық бөлімшесі, 60 төсек орынға абдоминалды хирургия, 25 төсек орынға онкоторакалды бөлімше ашылды. Химиотерапия бөлімшесінің қабылдауы 65 төсек орынға өсті.

Кейін 6 төсек орынға реанимация бөлімшесі ашылды.

2006 жылы бірнеше хирургия бөлімшесінің ашылуы 2005 -2006 жылдары хирургиялық операцияның саны 460-490 операцияға, 2012-2013 жылдары 1500-1700 операцияға өсуге мүмкіндік берді.

Асқазан және өңеш ісігі, колоректалды обыры, бүйрек және қуық ісігі, қуықасты безі, өкпе және көкірекаралық, қалқанша безі және тағы басқа ағзаларға Д2 деңгейінде стандартты радикалды операциялар орындалады. Солтүстік Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерде 2011-2014 жылдары жоғары мамандандырылған көмек бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау 110 –нан 140 пайызды құрайды.

Жыл сайын онкология қызметі мен БМСК қызметкерлерінің бірлескен қызметінің нәтижесінде сүт безі обыры, жатыр мойны, колоректалды обырға скриниг өткізу 95-тен 98 пайызға жетті.

2013 жылы Облонкодиспансерде арнайы онкологиялық бағдарламамен «Optima CT - 660» (АҚШ) 64 — кесінді компьютерлік томограф орнатылды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша гастроскоп, колоноскоп бірге бірнеше бейнеқондырғыбар.

2013 жылы лизинг арқылымедициналық құрал-жабдықтар алуға мүмкіндігі туды. УДЗ-аппараты, фиброцистоскоп, фибробронхоскоптар лизинг бойынша алынды.

2006 жылдан 2009 жыл аралығында халыққа онкологиялық көмек көрсетудегі жетістіктерінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының онкологиялық мекемелері арасында орын беріле бастады. 2007 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық көмек көрсетудегі жетістіктері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының онкологиялық диспансеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті директорының Алғыс хаты берілді.

2008 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының онкологиялық диспансерінің ұжымы «2008 жылдың қорытындысы бойынша халыққа жоғары дәрежелі онкологиялық көмек көрсеткені үшін»Қазақстанда I–ші орынға ие болды.

Ресми статистикалық деректерге сәйкес Қазақстанның шаруашылық қызметі субъектілерінің толық тізімін анықтау нәтижесі бойынша кәсіпорынға 2014 жылдың Сала лидері атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 2016 жылғы 16 желтоқсанда мұражай ашылды.

Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы Облыстық онкологиялық диспансердің тарихы